Алматы. 25 қараша. 7kun.kz – Қазақстандықтардың АҚШ-қа виза алу мәселесін жеңілдету қарастырылып жатыр. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Біз қазірдің өзінде визаны жасау уақытын қысқарту үшін қадамдар жасап жатырмыз және кейде жұмыс визасы сияқты иммиграцияға жатпайтын виза үшін жеке сұқбат алу талап етілмейді», – деді Розенблюм.
Елші адамдардың туристік визамен жүріп, жұмыс істеуге қалатын кездегі мәселені атап өтті. Сондай-ақ виза мерзімі аяқталып, елден шықпайтындармен де қиындық туындайды.
«Сондықтан біздің консулдар визалық сұқбат кезінде адамдардың заңды сақтайтынына сенімді болу үшін қиын сұрақтар қояды», – деді ол.