Енді қазақстандықтар тұрғылықты жеріне қарамастан салық төлеу қызметіне кез келген жерде қол жеткізе алады. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Даму және жаңғырту департаментінің директоры Ержан Біржанов Астанада өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.
Оның сөзінше, эксаймақтық қызмет түрінің пилоттық жобасы 1 сәуірден бастап енгізіледі.
"Тұрғындар қай аймақта есепте тұрғанына қарамастан кез келген салық төлеу органдарына келіп, толық мемлекеттік қымзет көрсету түріне қол жеткізе алады. Аталған пилоттық жоба Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облысында енгізіледі. Жыл соңына дейін бұл жүйемен барлық облыстар қамтылатын болады", - деді ол.
Сондай-ақ, ол салықты электронды төлеудің техникалық базасы құрылатынын атап өтті.