Қазақстан. 11 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда алтынға деген сұраныс едәуір артқан. Сарапшылардың мәліметінше, 2022 жылдың наурызының өзінде қазақстандықтар жалпы салмағы 167,2 кг болатын 8,3 мың алтын құйма сатып алған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сарапшылар айтуынша, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сатылған құймалар саны 2,9 есеге, ал салмағы бірден 3,5 есеге өсті.
2021 жыл алтын сату бойынша рекордтық жыл болды. Осы уақытта қазақстандықтарға жалпы салмағы үш тоннаны құрайтын 87,53 мың құйма алтын сатылды.
Сондай-ақ, өткен жылы жалпы салмағы 1,1 тонна болатын 32,3 мың өлшенген құйма алтын сатып алынды. Есептеулерге сәйкес, құймалардың ең көп саны Алматыда, Нұр-Сұлтанда және Атырауда сатылды.
Айта кетейік, алтын құймалары бес сортта ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г.Сарапшылардың пікірінше, сатып алушылар арасында ең танымалы салмағы 10 г құйма алтын.