Қазақстандықтар жеке тұлғалардың ЖСН бойынша сенімділігін тексере алады
16 января, 2019
Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстандық Kompra стартапы жеке тұлғалардың ЖСН бойынша сенімділігін тексеруді іске қосты. Бұл туралы the-tech.kz сайты хабарлады.
Енді 3 минуттың ішінде жеке тұлға туралы төмендегі мәліметтерді білуге болады:
Іздеуде болуы;
Хабар-ошарсыз жоғалғандардың тізілімінде болуы;
Атқарушылық іс жүргізудің болуы;
Шығуға шектеу тізілімінде болуы;
Алимент төлеу бойынша борышкерлер тізілімдерінде болуы;
Балаларға қатысты қылмыстары үшін сотталғандардың тізілімінде болуы (педофилдер тізілімі);
Терроризм мен экстремизмді қаржыландырған адамдар тізілімінде болуы;
Салық берешегінің болуы;
Байланысты компаниялар (директор немесе құрылтайшы);
Қолданыстағы ЖК.
Құқықтық жағынан шектеулер жоқ. Сервисте тек жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер (субъектінің келісімімен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпиялылық талаптары қолданылмайтын жеке деректер) пайдаланылады. Олар мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған.