Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – «КазАвтоПром» қаңтар-ақпан айларының қорытындысын шығарды. Осы уақыт ішінде ресми дилерлер 8 мың 143 автокөлікті сатқан. Қазақстандықтар жаңа жеңіл автокөліктерді сатып алуға 75,6 млрд теңге жұмсады (200 млн доллар), бұл өткен жылдың көрсеткішінен 44,6%-ке артық.
«Дилерлер қоймаларындағы бірқатар танымал модельдердің жетіспеушілігіне қарамастан, ақпан айында жаңа автокөліктердің сатылымы жоғары деңгейде сақталды. LADA автокөліктерін сатып алушылар барынша белсенділік көрсетті: ресейлік брендтің желісіне деген сұраныс оның нарықтық үлесінің 30,9%-іне дейін өсуін қамтамасыз етті. Тұтыну белсенділігінің қосымша импульсі жақын арада Үкімет бөлген Жеңілдікті автонесие мемлекеттік бағдарламасының жаңа траншын қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді «КазАвтоПром» Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферов.
Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді сатып алушылардың 57%-і таңдады. Көп жағдайда жаңа жеңіл автокөліктерді Алматы
(1,183 бірлік) тұрғындары сатып алды, Астана (677 бірлік), Атырау (294 бірлік), Қостанай (268 бірлік), Қарағанды (254 бірлік), Шымкент (240 бірлік) Ақтау (168 бірлік), Орал (166 бірлік), Ақтөбе (144 бірлік) және Өскемен (134 бірлік). Модельдер туралы айтатын болсақ, алғашқы бетікке Lada Granta (488 бірлік), Lada 4x4 (347 бірлік) және Toyota Camry (339 бірлік), Hyundai Tucson (335 бірлік) және Lada Vesta (234 бірлік) кіреді. Екі айда 208 Toyota Land Cruiser Prado, 105 – Toyota Hilux, 100 – Toyota Land Cruiser 200.50 - Lexus RX сатылды.