Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтардың алтынға сұранысы артқан: Наурызда 8 200-ден астам алтын құйма сатылды

Қазақстандықтардың алтынға сұранысы артқан: Наурызда 8 200-ден астам алтын құйма сатылды

Қазақстан. 21 сәуір. 7kun.kz – 2022 жылғы наурызда екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 167,2 кг 8 269 құйма сатты, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп. Бұл туралы Ұлттық Банктың баспасөз қызметі хабарлады.

Алтын құймалар сатылымының ұлғаюына басты себеп – қаржы нарығындағы құбылмалықтан туындаған халықтың үлкен сұранысы. Көпшілік алтын құймаларға жинақтарын сақталуын қамтамасыз ететін баламалы құрал ретінде қарайды.

«Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 27%, яғни, 23 390 дана. Одан кейін 20 грамдық  құйма сұранысқа ие, 18 178 дана (21%), 100 грамдық құймадан 18 034 дана (20%), 5 грамдық құймадан 16 834 дана (19%), 50 грамдық құймадан 11 095 дана (13%) сатылды», – делінген ҰБ хабарламасында.

Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады. Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ жекелеген банктік емес пунктерден сатып алып, кері сатуға болады.

Айта кетейік, халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосты. Содан бері жалпы салмағы 3 тоннаға жуық 87 531 алтын құйма сатылды.

Похожие материалы