Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтардың банкке сенімі зор және ұзақ мерзімді депозиттерді көп ашады

Қазақстандықтардың банкке сенімі зор және ұзақ мерзімді депозиттерді көп ашады
Алматы. 2 қараша. 7kun.kz - Банктердің мерзімді салымдарының жиынтық көлемі 2018 жылдың II тоқсанының соңына 7,3 трлн теңгені құрады. Бұл ағымдағы жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 3,5%-ға артық, деп хабарлайды ranking.kz Бұл ретте бөлшек депозиттер құрылымындағы мерзімді салымдардың үлес салмағы бір жыл ішінде 1,4%-ға дейін қысқарып, 86%-ға жетті. "Мерзімді салымдардың үштен екісінен астамы 12 айдан ұзақ мерзімге ашылды. Жалпы сомасы 5 трлн теңгені (68%)  құрап, жыл ішінде 3,2% өскен.  Бұдан кейін 12 айға дейінгі мерзімдегі депозиттер. Жалпы сомасы 2 трлн теңге. Бұл 2017 жылғы II тоқсаннан 0,2%-ға артық. Алты айға дейінгі мерзімдегі депозиттердің жалпы сомасы 35,3 млрд теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 59,1%-ға аз. Үш айға дейінгі мерзімдегі депозиттер 296,9 млрд теңгені құрады, бір жылда 5,6 есе өскен», -  делінген ақпаратта.

Похожие материалы