Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан азаматтарының Дубайда миллиард долларлық жылжымайтын мүлкі бар

Қазақстан азаматтарының Дубайда миллиард долларлық жылжымайтын мүлкі бар

Дубай. 2 маусым. 7kun.kz – 1,5 мың қазақстандықтың Дубайда миллиард доллардан астам жылжымайтын мүлкі бар. Мұндай мәліметтерді EU Tax Observatory (Еуропалық салық обсерваториясы) мамандары айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Баяндамада сарапшылар Дубайдағы 800 мың жылжымайтын мүліктің иелері туралы мәліметтерді талдады.

Зерттеуге сәйкес, 1550 қазақстандық Дубайда жалпы сомасы 1,018 миллиард доллар болатын 2694 жылжымайтын мүлікке иелік етеді. Орта есеппен қазақстандықтар бір жылжымайтын мүлікке 377 989 доллар жұмсаған.

Ал БАӘ-нің ең ірі қаласында 5381 ресейлік жалпы сомасы 3,344 млрд болатын 9755 жылжымайтын мүлікке иелік етеді.

Қырғызстандықтардың арасында Дубайда 106 адамның жылжымайтын мүлкі бар. Олардың жалпы құны 102 миллион долларды құрайтын 236 нысаны бар.

Похожие материалы