Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарды – министр

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарды – министр

Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – 2022 жылы қазақстандықтардың өмір сүру жаcы ұзарды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ведомство басшысы президент тапсырмасын орындау үшін кешенді жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

«Тапсырмаларды іске асырудың арқасында халықтың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштері жақсарды. Былтыр 11 айда халықтың жалпы өлім-жітімі 2021 жылмен салыстырғанда 30%-ға (29,7%) төмендеді: қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім – 34% (33,7%), обыр – 8% (8,3%), тыныс алу ауруларынан болатын өлім-жітім – 1,7 есе, туберкулезден болатын өлім-жітім – 12,5%», – деді Ажар Ғиният министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, былтыр ана өлімі 3 есе (2021 жылы – 185 дерек, 2022 жылы – 57 дерек), ал нәресте өлімі 3% төмендеген.

«Өткен жылы халықтың өмір сүру ұзақтығының артқаны сөзсіз», – деді ол.

Похожие материалы