
Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – 1 айда Ресей ақшасының сатылуы бірден 10%-ға төмендеп кетті.
Сарапшылардың айтуынша, үш айдан бері ақша айырбастау бекеттерінде сұраныс анағұрлым азайған. Қазір ақша айырбастау бекеттерінде бір рубль 5 теңге 36 теңгеге саудалынып жатыр.
Сондай-ақ Қызылорда мен Түркістан облыстарында Ресей ақшасын сатып алушылар саны күрт төмендеген. Дегенмен көрші елмен шекаралас жатқан өңірлерде жағдай тұрақты.