Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтардың шетел валютасына қызығушылығы азайды

Қазақстандықтардың шетел валютасына қызығушылығы азайды

Алматы. 25 қыркүйек. 7kun.kz —Тамыз айында қазақстандықтар шетел валютасын сатып алуға 292 миллиардтан астам теңге жұмсаған, бұл былтырғы тамыздан 51 миллиард теңгеге немесе 16,5%-ға аз.

Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, айырбастау пункттері америкалық валютаны 196,4 млрд теңгеге сатты. Қазақстандықтар рубльге - 25,1 млрд теңге (-2,7%), еуроға – 70,04 млрд теңге (-3,1%) және юаньға – 37,7 млн теңге (-64,2%) жұмсаған.

Өңірлер бөлінісінде ең көп доллар Алматыда сатып алынды. Бұл валютаға бір ай ішінде тұрғындар 77 млрд теңге жұмсады. Сатып алу көлемі бойынша екінші орында Шымкент – 38,3 млрд теңге. Атырау облысында долларды - 12,8 млрд теңгеге, Қарағанды облысында - 10,4 млрд теңгеге сатып алды. Америкалық валютаға сұраныс СҚО-да – 2,4 млрд теңге, Ақмола облысында – 2,2 млрд теңге және Алматы облысында - 2 млрд теңге ең төменгі көрсеткішті белгіледі.

Еуро сату бойынша көшбасшы позиция Алматыда қалды, онда айырбастау пункттері көрсетілген валютаны 12,2 млрд теңгеге сатты. Одан кейінгі орындарда Нұр-Сұлтан - 3,7 млрд теңге және Шымкент - 1,8 млрд теңге. Ал Түркістан мен Ақмола облыстарында керісінше, тек 8 млн теңгеге және 6 млн теңгеге еуро сатылды.

Тамыз айында Ресей валютасын Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары ең көп рет сатып алды - шамамен 10 млрд теңге. Одан кейін БҚО тұрғындары – 9,5 млрд теңге және Қостанай облысы – 8,3 млрд теңге. Шымкентте рубль сатып алу деңгейі төмен - 555,4 млн теңге.

Юанға келетін болсақ, Ұлттық банктің мәліметі бойынша, бұл валютаны Ақтөбе облысында белсенді түрде сатып алып, оған 12,4 млн теңге жұмсаған. Қарағанды облысының айырбастау пункттері юаньды 8,4 млн теңгеге, ал Павлодар облысы 7,3 млн теңгеге сатты. Ал БҚО-да юаньға қызығушылық тек 200 мың теңгені қүрады.

Похожие материалы