Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтардың Түркиядағы үйлерге қызығушылығы өсті

Қазақстандықтардың Түркиядағы үйлерге қызығушылығы өсті

Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz - Түркияда 2019 жылы 46 мың пәтер мен үй сатылды, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 40 мың пәтерге тең болды. Осылайша, елдегі жылжымайтын мүлікке сұраныс өткен жылы 15%-ға өсті. Бұл туралы Түркия Статистика институты хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, шетел азаматтарының ең көп таңдауы Стамбулдағы (2019 жылы 20 мыңнан астам мәміле) және Анталиядағы (9 мыңға жуық) жылжымайтын мүлікке түскен. Одан әрі Анкара (2 мың 539) және Бурса (2 мың 213).

Айта кетейік, қазақстандықтар өткен жылы Түркияда 776 пәтер сатып алған. 2018 жылы бұл көрсеткіш 542 жылжымайтын мүлік объектісін құрады.

Мәмілелер саны бойынша Ирак (7 мың 596) және Иран (5 мың 423) азаматтары көш бастап тұр. Үшінші орында Ресей тұр - 2 мың 893 мәміле. Алғашқы бестікке Сауд Арабиясы мен Ауғанстан кірді.

Похожие материалы