Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 13 трлн теңгеден асты

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 13 трлн теңгеден асты

Ағымдағы жылдың ақпан айында ҚР азаматтарының зейнетақы жинақтары 13,1 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Әлемдегі геосаяси жағдайға қарамастан зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыс оң динамиканы көрсетуде.

Жинақ салымшылардың шоттарына мерзімді түрде түсетін зейнетақы жарналарынан және инвестициялық кірістер есебінен қалыптасады.

Бұл ретте инвестициялық кірістің үлесі айтарлықтай көп: барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап (2014 ж.) 2022 жылғы 1 ақпанға дейін сома 6,5 трлн теңгені немесе қазақстандықтардың барлық зейнетақы жинақтарының шамамен 50%-ын құрады. Азаматтардың жинақтарындағы инвестициялық табыстың жоғары үлесі зейнетақы активтерін басқару жөніндегі сапалы жұмысқа негізделген.

Тұрақты кірістілікті және зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін ЖЗҚ инвестициялық портфелі қазіргі тәуекелдерді ескере отырып, үнемі әртараптандырылады. Мәселен, егер бес жыл бұрын, 2017 жылғы 1 ақпанға қарай облигациялар мен мемлекеттік бағалы қағаздардың (МБҚ) үлесіне бүкіл портфельдің 81%-ы тиесілі болса, биыл-барлығы 59%. Бұдан басқа, бүгінде шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары елеулі үлесті құрайды: 17%, ал бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 5%-ға да жетпеген.

Тағы бір маңызды өзгеріс – зейнетақы активтерінің бір бөлігін әлемдегі ірі инвестициялық компаниялардың сыртқы басқаруға беруі: мұнда үлес қазірдің өзінде 11%-ға жетті.

Қаржы құралдарын әртараптандырумен қатар инвестициялық валюталық портфель де өзгеруде. Егер 2017 жылдың басында ұлттық валютадағы инвестицияның үлесі 77,5%-ды құраса, қазір оның үлесі 68,2%-ды құрайды; АҚШ долларындағы инвестицияның салмағы өз кезегінде 21,9%-дан 31,8%-ға өсті.

Похожие материалы