Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-қарашада салымшылардың зейнетақы жинақтары 1 351,1 млрд теңгеге (17,4%) ұлғайып, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 9 131,9 млрд теңгені құрады, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
2018 жылғы 1 желтоқсанда 3 521,7 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» кіріс 2018 жылғы қаңтар-қарашада 746,8 млрд теңгеге ұлғайды.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2018 жылғы 1 желтоқсанда 9,8 млн шотты құрады.
2018 жылғы қаңтар-қарашада зейнетақы төлемдерінің сомасы 156,0 млрд теңгені құрады.
2018 жылғы 1 желтоқсанда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесі, бұрынғыша, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарына және ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздарына (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 44,8%-ы және 28,9%-ы) тиесілі.