Алматы. 9 шілде. 7kun.kz - БЖЗҚ зейнетақы жинақтары 2019 жылдың мамыр айының соңына қарай 9,9 трлн теңгеге жетті, жыл ішінде 19,8%-ға өсті. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.
2018 жылдың ұқсас кезеңінде жинақталған қаражат сомасы 8,3 трлн теңгеге тең болды, ал өсім 18,1%-ды құрады. Соңғы бес жылда жинақталған зейнетақы қаражаты тиісті кезеңде жылына орта есеппен 19,6%-ға артты. Барлық жинақтар үшін оң динамика байқалады. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша сома бір жыл ішінде 19,5%-ға өсті, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша өсім 33,2%-ды құрады, ал ерікті зейнетақы жарналары 6,1%-ға артты.
Сондай-ақ, зейнетақы төлемдері ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында 93,4 млрд теңгені құрады, жылдық өсім - 1,7%. Оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар 25,2 млрд теңгеге жетті; бұл 2018 жылдың 11 айына қарағанда (22,2 млрд теңге) көп. Ал өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сома 3,5 есе ұлғайды.
2019 жылдың басынан бастап БЖЗҚ алған инвестициялық табысы 279,9 млрд теңгені құрады - бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1%-ға артық (263,8 млрд теңге). Таза инвестициялық кіріс 250,1 млрд теңгені, бір жыл бұрын - 251,4 млрд теңгені құрады.
Өз кезегінде салымшылардың шоттарына бөлінген таза инвестициялық кіріс 226,8 млрд теңгені құрады. 2019 жылғы мамыр айының соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы табыстылығы (2018 жылғы маусымнан 2019 жылғы мамыр айына дейін) БЖЗҚ салымшылары үшін 5,3% мөлшеріндегі инфляция кезінде 10,6%-ды құрады. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылық 5% - дан астамды құрады.
Инвестициялық портфель құрылымында кейбір өзгерістер байқалады. Мәселен, ондағы негізгі үлес ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарға (МБҚ) тиесілі: 4 трлн теңге, үлес 45,9%-дан 40,7%-ға дейін қысқарды.
Шет мемлекеттердің МБҚ үлесі 11,7%-дан 15,5% - ға дейін өсті. Ақша түрінде шет мемлекеттердің МБҚ 1,5 трлн теңгені, бір жыл бұрын — 967,7 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылдың басынан бастап МБҚ тек АҚШ-тан сатып алынды. Олардың ағымдағы құны 1 трлн теңгені құрайды — бұл 2018 жылдың соңына қарағанда 76,1%-ға артық (580,1 млрд теңге).
Керісінше, депозиттердің үлесі: 9,4%-дан 8,2%-ға дейін қысқарды, салым сомасы 810,4 млрд теңгені құрады.