Picodi.com сарапшылары әртүрлі елдердің азаматтары өз еліндегі орташа айлық жалақыны жинау арқылы қанша мерзімде миллион доллар табатындығын есептеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Рейтингке әлемнің 102 елі кірді. Олардың ішінде Швейцарияның азаматтары бір миллион долларды бірінші болып табады. Оларға ол үшін –13 жыл, 4 ай керек. Екінші орында 20 жыл, 1 ай көрсеткішпен Австралия тұр. Сингапур тұрғындары 3 орында – оларға 20 жыл, 2 ай уақыт керек. Үздік бестікті Люксембург (20 жыл, 4 ай) мен АҚШ (23 жыл, 1 ай) қорытындылайды.
Қазақстан бұл рейтингте 87-ші орында тұр. Елдегі орташа жалақыны ала отырып, бір миллион АҚШ долларын 245 жыл, 11 айда табуға болады.
Көршілес Ресей 70-ші орында (191 жыл, 9 ай). Армения 79-шы орында (215 жыл, 4 ай), Грузия 83-ші (230 жыл, 2 ай), Әзірбайжан 89-шы (257 жас, 1 ай), Өзбекстан 96-шы (318 жыл, 4 ай).
Пәкістан тұрғындарына 427 жыл, 6 ай , нигериялықтарға 435 жыл, 6 ай және Уганда тұрғындары үшін 515 жыл, 1 ай жұмыс істеу арқылы миллион доллар таба алады.
Айта кетейік, орташа жалақы туралы мәліметтер numbeo.com сайтынан алынды. Валюталық есептеулер үшін Google Finance 2022 жылдың наурызындағы орташа айырбас бағамы қолданылды. Онда айырбас кезіндегі 1 АҚШ долларының бағамы 504,4 теңгені құрады.