Алматы. 3 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда тұрғын үйлердің бір шаршы метрін салуға жұмсалатын орташа нақты шығындар 103,6 мың теңгені құрады. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.
2019 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 2,2 трлн теңгеден асты. Нақты құны 1,8 трлн теңгені құрады, оның 800 млрд теңгесі тұрғын үйлерге тиесілі.
Осы жылғы қаңтар-тамызда құрылыс жұмыстары мен қызметтердің көлемі 2,2 трлн теңгеге жетті, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,8% құрайды. Оның 85,7%-ы құрылыс-монтаж жұмыстарына тиесілі: 1,9 трлн. теңге. Күрделі жөндеу жұмыстарына 7,2% (158,6 млрд теңге), ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7,1% (158 млрд теңге) келеді.
Қазақстан өңірлерінің арасында құрылыс жұмыстары мен қызметтерінің ең үлкен көлемі Атырау облысына тиесілі: 450,9 млрд теңге. Екінші және үшінші орында Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысы орналасқан — тиісінше 284,1 млрд және 219,1 млрд теңге.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ең жоғары өсімді Қызылорда облысы көрсетті: 248,8% (97,4 млрд теңге).
Құрылыстың нақты құны бір жыл ішінде 2019 жылдың қаңтар–тамызында 2,8 трлн теңгеден 1,8 трлн теңгеге дейін төмендеді. Тұрғын үй ғимараттары құрылысының нақты құны 792,3 млрд теңгені (бір жыл бұрын — 814,1 млрд теңге) құрады, бұл 2010 жылдан бастап алғаш рет тұрғын емес ғимараттар мен құрылыстар құрылысының құнынан асып түсті. Пайдалануға берілген жаңа тұрғын үй ғимараттарының көлемі 24,3 млн-нан 24,2 млн текше метрге дейін қысқарды.
Тұрғын емес ғимараттар құрылысының нақты құны 1,3 трлн-нан 732,6 млрд теңгеге дейін, ғимараттар құрылысының нақты құны 675,7 млрд-тан 243,2 млрд теңгеге дейін азайды.
Қазақстанда 1 шаршы метр тұрғын үй құрылысының орташа нақты шығындары 103,6 мың теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар–тамызға 99,3%-ды құрайды. Тұрғын үй құрылысына жұмсалған шығындар, тұрғындар салғандарды қоспағанда, 1 шаршы метрге 127,2 мың теңгені құрады — өткен жылдың сәйкес кезеңіне 97,5%. Халық салған тұрғын үйлерге шығындар 1 шаршы метрге 84,4 мың теңгеге дейін ұлғайды (2018 жылғы қаңтар–тамызға 104%).