Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанға АҚШ-тан арнайы делегация келе жатыр

Қазақстанға АҚШ-тан арнайы делегация келе жатыр

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – АҚШ Әкімшілігінің ведомствоаралық делегациясының 23-27 мамырда Қазақстанға, Қырғызстанға, Өзбекстанға және Тәжікстанға арнайы сапары жоспарланған. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында айтылған.

Делегацияны Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу басқарады. Оның құрамына Ресей және Орталық Азия бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің аға директоры Эрик Грин, Қорғаныс министрлігі мен Халықаралық даму агенттігінің (USAID) жоғары лауазымды қызметкерлері кіреді.

Америкалықтар төрт елдің Үкімет мүшелерімен, азаматтық қоғамымен және іскер топтардың өкілдерімен кездеседі.

Келіссөздер барысында экономикалық ынтымақтастық пен қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл, ортақ құндылықтарды, жергілікті мәдениетті, әйел құқығын қорғау, азық-түлік қауіпсіздігін талқыдланбақшы. Одан бөлек, Ауғанстаннан келген босқындарға көмек мәселелері де сөз болады.

Қазақстандағы кездесуде ел билігі дайындап жатқан реформалардың күн тәртібін талқылау да жоспарлануда.

Похожие материалы