Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанға БАӘ-де шығарылған Sinopharm вакцинасы жеткізіледі

Қазақстанға БАӘ-де шығарылған  Sinopharm вакцинасы жеткізіледі

БАӘ шығарылып, «Самұрық-Қазына» қолдауымен сатып алған «Sinopharm» вакцинасын кез-келген адам алуына болады. Бұл туралы Интерфакске Ұлттық қордың қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаментінің директоры Марат Мұхамедсалиев айтқан.

«Қор сатып алуға қаражатты Президент тапсырмасымен бөлді. Сатып алуды «СК-Фармация» мен Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырды. Сондықтан мұны барлығы алады», деп жауап берген қор өкілі ақпарат агенттігінің сауалына.

«СК-Фармация» баспасөз қызметі БАӘ шығарылған «Sinopharm» вакцинасының 1 дозасының құны $31,1, жалпы құны $31 100 000 доллар болғанын растаған. Бұл қаражатқа 500 мың адамға жететін, 1 млн доза сатып алынған. Олардың 400 мыңы сәуірде, 600 мыңы мамырда елге жеткізіледі.

Похожие материалы