
Алматы. 20 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанға ақша аударым жүйесі арқылы 6 айда 150 миллиард теңгеге жуық ақша аударылды, деп хабарлайды Ranking.kz.
Оңтүстік Кореядан түсетін ақша аударымы 2,3 есе, Қырғызстаннан аударым 77%-ға артқан.
ҚР-да шетел тұрғындарының келетін ақшалай аударымдардың көлемі 2018 жылдың қаңтар-маусымында 147,5 миллиард теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға көп.
Алайда, жылдық өсімнің қарқыны қысқаруда. 2016 жылы (қаңтар-маусым) жылма-жыл 2,2 есе, 2017 жылы (қаңтар-маусым) 20,4 процентке дейін төмендеді.