Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанға Оңтүстік Кореяның президенті келеді

Қазақстанға Оңтүстік Кореяның президенті келеді

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея және Венгрия Республикаларының басшыларымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

2019 жылғы 21-23 сәуірде Корея президенті Мун Чже Инның Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары өтеді. Келіссөздер барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяның көшбасшысымен саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық күн тәртібін талқылайды.

Сондай-ақ, 24 сәуірде Ақордада Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келетін Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді. Кездесуде Қазақстан-Венгрия ынтымақтастығының, сондай-ақ халықаралық проблематиканың негізгі мәселелерін талқылау жоспарланған.

Похожие материалы