Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-қараша аралығындағы кезеңде жеке тұлғалар Қазақстаннан 2 322,1 млрд теңге (6,7 млрд АҚШ доллары) сомаға 39,8 млн төлемдер мен аударымдар жіберді. 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда операциялардың саны 57,1%-ға өсті, ал сома тиісінше 12,8%-ға төмендеді.
Операциялардың басым көлемі 777,1 млрд теңге сомадағы өтеусіз ақша аударымдарына тиесілі болды, олардың үлесі Қазақстаннан жіберген төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемінің 33,5%-ын құрады.
Басқа төлемдер мен ақша аударымдарының үлесі мынадай болды:
- тауарлар үшін 767,5 млрд теңге немесе жалпы көлемнің 33,1%-ы, оның 96,0%-ын тұтынушылық тауарлар үшін төлемдер, жылжымайтын мүлік 29,1 млрд. теңгені немесе 3,8% және басқалары 1,4 млрд. теңгені немесе 0,2%-ды құрайды;
- өзінің банктік шоттары арасындағы аударымдар 340,5 млрд теңге (жалпы көлемнің 14,7%-ы);
- көрсетілетін қызметтер үшін төлемдер 187,2 млрд теңге (жалпы көлемнің 8,1%-ы), оның 71,5 млрд. теңге (38%) кәсіби, ғылыми және техникалық көрсетілетін қызметтер үшін, 32,5 млрд. теңге (17,3%) білім беру қызметі үшін, 28,7 млрд. теңге (15,3%) қонақ үйлер мен мейрамханалар қызметтері үшін.
Төлемдердің валюталары бойынша АҚШ долларына төлемдердің жалпы көлемінің 59,4%-ы, Ресей рубліне 21,5%, еуроға 12,5%, фунт стерлингке 2,0%, теңгеге 1,6% және басқа да валталарға 3,1% тиесілі.
Елдер бойынша шығыс төлемдердің негізгі ағындары Ресейге, Түркияға, АҚШ-қа, Өзбекстанға, Швейцарияға және Қытайға тиесілі, олардың жиынтық үлесі 61,3%-ды құрайды.
Көшбасшы елдер Қазақстаннан төлем бағыттары бойынша:
- өтеусіз аударымдар бойынша – Ресей (36,8%) және Түркия (12,5%), оның 15,3%-н бейрезиденттер Қазақстаннан жіберген;
- шетелдік банктердегі меншікті банктік шоттарға ақша аудару бойынша – Швейцария (23,5%), Ресей (13,8%), оның 20,5%-н бейрезиденттер Қазақстаннан жіберген;
- бағалы қағаздарды сатып алу бойынша – Кипр (39,5%), Ресей (20,2%) және АҚШ (11,2%);
- уақытша қаржылай көмек (қарыздар) беру бойынша – Германия (27,8%), Ресей (26%);
- қарызды өтеу бойынша – Швейцария (54,1%).
2018 жылғы қаңтар-қарашадағы кезеңде Қазақстанда жеке тұлғалар 637,507 млрд теңге сомасында (1,8 млрд АҚШ доллары) 1,8 млн төлемдер мен ақша аударымдарын алған. 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда операциялардың саны 36,7%-ға өсті, ал сома 23,5%-ға төмендеді.
Операциялардың негізгі көлемі өтеусіз ақша аударымдарына тиесілі, ол 368,8 млрд теңгені немесе Қазақстан Республикасына келіп түскен төлемдердің жалпы көлемінің 57,8%-н құрайды. Тиісінше, өз банктік шоттарының арасындағы ақша аударымдарына - 11,2%, бағалы қағаздарды сатып алуға – 7,2%, көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерге – 2,8%, тауарлар үшін ақы төлеуге – 2,4% және басқа да төлемдерге – 18,6% тиесілі.
Төлемдер валютасы бойынша АҚШ долларына төлемдердің жалпы көлемінің 64,5%-ы, Ресей рубліне 19,7%-ы, еуроға 7,3%-ы, басқа да валюталарға 8.5%-ы (теңгені және фунт стерлингті де қоса алғанда 11 валюты) тиесілі.
Елдер бойынша келіп түсетін төлемдерің негізгі үлесі Ресейге, Швейцарияға, Корея Республикасына, АҚШ-қа және Люксембургке тиесілі, олардың жиынтық үлесі 62%-ды құрады. Қазақстанға төлемдер жіберу бойынша көш бастап тұрған елдер:
- тауарларға төлемдер бойынша – Ресей (27,9%);
- қызметтерге төлемдер бойынша – Ресей (30,2%);
- өтеусіз аударымдар бойынша – Ресей (48,3%) және Корея Республикасы (13,9%);
- Қазақстандағы меншік банк шоттарына ақша аударымдары бойынша – Швейцария (25,0%), Люксембург (24,9%), оның ішінде 39%-ы Қазақстанда тұрып жатқан бейрезиденттердің пайдасына бағытталған;
- бағалы қағаздар сатып алу бойынша – Швейцария (46,9%) және Люксембург (24,1%);
- қарызды өтеу бойынша – Швейцария (24,5%).
Соңғы жылдары жеке тұлғалардың пайдасына Кореядан өтеусіз аударымдар ағымының өсуі байқалады (2018 жылғы 11 айдың ішінде 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Кореядан түскен көлемдердің көлемі 26,4 млрд теңгеден 53,9 млрд теңгеге дейін 2 еседен астам өсті).