Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанға Өзбекстаннан көбірек ақша аудара бастады

Қазақстанға Өзбекстаннан көбірек ақша аудара бастады

Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – 2019 жылдың алты айында халықаралық ақша аударымдарының жүйелері арқылы Қазақстанға 173 млрд теңге жіберілді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 17,3%-ға көп, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Барлық аударымдардың 40% -дан астамы Ресей Федерациясынан жасалған – 72 млрд теңге, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға көп. Бұл ретте елдің үлесі барлық көлемнің 48,3%-дан 41,6%-ға дейін қысқарды.

Екінші орында Оңтүстік Корея – 32,2 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда өсім 40,3% құрады. Бұл елдің үлесі 15,5%-дан 18,6%-ға дейін өсті.

Үшінші орында Өзбекстаннан келген аударымдар – 14,9 млрд теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 58,8%-ға артық. Елдің үлесі 6,3%-дан 8,6%-ға дейін өсті.

Ақша аударымдарының көп бөлігі «Золотая корона» жүйесі бойынша жүзеге асырылды – 79,4 млрд теңге, жыл ішінде 8,7%-ға өсті. Екінші орынды Western Union алады – 38,1 млрд теңге, жылдық өсім 6,9%. Үшінші орын MoneyGram – 22,3 млрд теңге, өсім 89,7%.

Похожие материалы