Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанға түркиялық компаниялар инвестиция салады

Қазақстанға түркиялық компаниялар инвестиция салады

Қазақстанда түрік инвесторларының қатысуымен тәтті тағамдар және жеңіл өнеркәсіп өндірісі басталады. Ел экономикасына салынатын инвестиция көлемі 70 млрд теңге болады деп хабарлайды инвестиция және даму министрлігі. 

Наурыз айында инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев Стамбұлда 20-дан астам инвесторлармен келіссөздер жүргізген еді. Кездесу кезінде екі ел Қазақстанда тәтті тағамдар, құрылыс материалдары, химия және агрономия, тұтыну тауарлары, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау салалары бойынша өндіріс бастауға уағдаласты.

Министрлік ақпараты бойынша, 2012 жылдан бері түрік компаниялары Қазақстанда құны 113,7 млрд теңге болатын 12 жоба жүзеге асырып, 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылған. Түркиялық инвесторлар Астанада алкоголсіз сусындар, электронды-оптикалық құрылғылар, Оңтүстік Қазақстан облысында кілем және кілем бұйымдары және Алматы облысында фармацевтикалық препараттар өндірісін бастады.

Осыған дейін түрік кәсіпкерлері Қазақстандағы құрылыс зауытына инвестиция салады деп хабарлаған еді. Ал бірнеше ай бұрын ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Қазақстанның инвестиция тарту жүйесін түсіндірді. Нақтырақ айтқанда, мемлекет шетелдік қаржыны ауыл шаруашылығына және өнеркәсіптік жобаларға тартуды көздеп отыр.

Айта кетейік, 2016 жылдың наурызында Қазақстан инвестициялық саясатын жақсартқан 25 елдің қатарына кірді.

Похожие материалы