Экономика
Қазақстанға Украина тауарлары Ресейді айналып өту арқылы жеткізілетін болды
Украина билігі Кремльдің сауда эмбаргосына байланысты, тұңғыш рет Қазақстанға жүктерді Ресей аумағын айналып өту арқылы жеткізетін болды. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды.
2016 жылдың қаңтар айында ресейліктер Киевтің Еуроодақпен еркін сауда және қауымдастық құру туралы келесімге қол қоюына байланысты жаңа экономикалық санкциялар енгізген. Ал Украина инфрақұрылымдар министрі Андрей Пивоварский Грузия мен Әзірбайжан арқылы өтетін жаңа бағытпен жүк жеткізуді қаңтардың 15-де бастау көзделгенін хабарлады.
Пивоварскийдің айтуынша, Жібек жолы украин тауарларына бұрыннан жақсы өтетін нарықтарға кірудің тың мүмкіндіктерін беріп қана қоймай, Азия мен Батыс Еуропа арасында жаңа бағыт қалыптастырмақ.
ING банк корпорациясының мәліметінше, 2017 жылға қарай Украина Қазақстаннның көлемі жағынан үшінші импортеріне айналуы мүмкін. Украина тасымалдайтын тауарлардың дені көлік және машина құрал-жабдықтары. Пивоварский Қазақстанға келесі аптада Кавказ арқылы қандай тауарлар жөнелтілетінін айтпады.
Фото: newskaz.ru