Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстаннан 20 литрден көп бензин шығаруға тыйым салынады

Қазақстаннан 20 литрден көп бензин шығаруға тыйым салынады

Алматы. 24 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда автокөлік құралдарымен 20 литр бензинді шығаруға тыйым салынды.

"ҚР аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрыққа сәйкес, тыйым алты ай мерзімге енгізіледі және 2019 жылғы 2 қарашада күшіне енеді.

"ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарының 2709, 2710, 2902, 3403, 3811 топтарына жататын тауарларды, автокөлік құралдарын дайындаушы зауытпен қарастырылған және техникалық шарттарға сәйкес орнатылған бензобактарда, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, ҚР аумағынан автомобиль көлік құралымен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.

Бұған дейін энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ресеймен шекарада 3-4 тоннаға дейін бактары бар жүк көліктері арзан қазақстандық бензинді шет елге шығаратынын мәлімдеді. Ол Энергетика, МКК және ҰҚК осы бағытта шаралар қабылданғанын айтты.

Похожие материалы