Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстаннан 20 цистерна мұнай шығармақ болғандар ұсталды

Қазақстаннан 20 цистерна мұнай шығармақ болғандар ұсталды

БҚО. 15 қазан. 7kun.kz – ҰҚК Шекара қызметі «Жайық» темір жол өткізу пунктінде ел аумағынан мұнай өнімдерін заңсыз шығармақ болғандарды ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабаралады.

«Жағар май тиелген 20 теміржол цистернасы битумдық лактарды еріткіш «Уайт-спирит» ретінде көрсетіліп, жүкке арналған темір жол құрамдарымен тасымалданған», – делінген хабарламада.

Ұсталған жүк процессуалдық шешім шығару үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

Айта кетейік, Қазақстанда бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жеке түрлерінің шығарылуына уақытша шектеу қойылған.

Похожие материалы