Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін елден тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрықта республика аумағынан көліктің барлық түрлерімен мұнай өнімдерін төрт ай мерзімге шығаруға тыйым салынды.
Атап айтқанда, бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, сұйық отынды қоспағанда, автокөлік құралдарын өндіруші берген газ цистерналарында экспорттауды қоспағанда, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынады. Селекциялық қоспалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған авиациялық отынды қоспағанда рұқсат жоқ.
Бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды аталған тыйым бойынша шараларды сақтауға шақырды.