Қазақстаннан Өзбекстанға 45 млн долларға жанармай алып өтпек болғандар ұсталды
Павлодар облысы. 10 тамыз. 7kun.kz – Павлодар облысында құны шамамен 90 миллион теңге болатын 280 тонна жанармай құйылған 5 вагон-цистернаны заңсыз елден шығармақ болғандар ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Көлемі 280 тонна, құны шамамен 90 миллион теңге болатын жанармай құйылған 5 вагон-цистерна ұсталды, оларды жанармай қоспасы деген желеумен Өзбекстанға алып кетпек болған. Мамандардың қорытындысына сәйкес, теміржол цистерналарынан алынған сынамалар К-4 экологиялық класындағы АИ-95 бензині саналады», – делінген хабарламада.
Келісімшарт бойынша шетел компаниясының пайдасына елден жалпы сомасы 45 миллион долларға 50 мың тонна экспорт жасау жоспарланған.
Қазір тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.