Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - Қазақстанның алтын қоры бес айда 6,1%-ға немесе 21,2 тоннаға өсті.
Алтын жөніндегі дүниежүзілік кеңестің (WGC) деректеріне сәйкес, бағалы металдың көлемі 2019 жылғы 1 маусымға 366,6 тоннаны құрады (1 мамырда - 361,7 тонна). Салыстыру үшін, жыл басынан бері бұл көлем 345,4 тоннадан 6,1%-ға артты. Осылайша, қазір Қазақстанның алтын қоры елдің халықаралық резервтерінде 55,9%-ға жетеді.
Қазіргі уақытта қымбат металл көлемі бойынша Қазақстан бұрынғысынша 14-ші орында тұр (ХВҚ есебінсіз).
Сонымен қатар алтын қоры бойынша көшбасшылардың үштігінде АҚШ – 8,1 мың тонна, Германия – 3,3 мың тонна және Италия – 2,4 мың тонна бар. Ресей WGC тізімінде 2,2 мың тоннамен бесінші орынға, ал Қытай 1,9 мың тоннасен алтыншы орынға тұақтады. Айта кетейік, биылғы жылы Қазақстанда алтын іздеуде шетелдік компаниялар шамамен 2 млрд теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр