Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында байланыс кәсіпорындары 658,4 млрд теңге табыс тапты. Бұл 2018 жылғы қаңтар-қазан көлемінен 4,5%-ға артық.
Бұл ретте жергілікті телефон байланысы қызметтеріне 30,6 млрд теңге (7,1%-ға кем), интернетке қолжетімділік беруге – 234,1 млрд теңге (13,4%-ға артық), ал ұялы байланыс қызметтеріне - 183,1 млрд теңге (0,3%-ға артық) тиесілі болды.
Қызметтердің жалпы көлемінде ең көп үлесті кең жолақты интернет (35,6%) және ұялы байланыс (27,9%) иеленді. Ал өзге де телекоммуникациялық қызметтер кірістердің 18,2%-ын, жергілікті телефон байланысының жұмысы – 4,7%-ды, кабельдік инфрақұрылым және сымсыз желілер бойынша бағдарламаларды тарату бойынша қызметтер - 4,5%-ды құрады.
Айта кетейік, қазан айында тіркелген телефон желісі абоненттерінің саны 3,2 миллионға жуық, ұялы байланыс абоненттерінің саны 25,9 миллионға жуық, интернетке қолжетімділігі бар абоненттердің саны 14,9 миллионға жуық, ал тіркелген интернет абоненттерінің саны 2,4 миллионнан астам бірлікті құрады.