Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның Бас әскери прокуроры тағайындалды

Қазақстанның Бас әскери прокуроры тағайындалды

Нұр-Сұлтан. 7 шілде. 7kun.kz – Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен Секенов Дастан Әбдіқадыров Бас әскери прокурор болып тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Дастан Секенов 1975 жылы 13 сәуірде Талдықорған облысы Кировка ауылында дүниеге келген.

1997 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласы Ақсай ауданының прокуратурасында тағылымдамашы болып бастады. Алматы қаласының прокуратурасында, Бас әскери прокуратурада түрлі қызметтер атқарған.

2009 - 2014 жылдары Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры.

2014 - 2017 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сотқа дейінгі тергеу департаментінің директоры.

2018 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің департаментін басқарды.

2018-2019 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі.

2019-2021 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы.

2021 жылғы мамырдан бастап Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

Похожие материалы