Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанның республикалық бюджеттінің таза табысы 6 трлн 219 млрд теңгені құрады, деп хабарлады қаржы министрі Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ, оның айтуынша, мемлекеттік бюджетке 8 трлн 514 млрд теңге кіріс жиналды.
"Республикалық бюджеттің таза табысы 6 трлн 219 млрд теңгені құрады. 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2019 жылдың 11 айында мемлекеттік бюджет кірісі 115%-ға немесе 1 трлн 129 млрд теңгеге, республикалық бюджет – 118%-ға немесе 965 млрд теңгеге, жергілікті бюджет - 107,7%-ға немесе 165 млрд теңгеге өсті", - деді министр Үкімет отырысында.
Смайылов кірістердің өсу қарқыны негізінен ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС, корпоративтік табыс салығы мен халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салық есебінен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Сондай-ақ, салық түсімдеріне 2019 жылғы қаңтар-қазанда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда экономиканың келесі секторларында тауарлар мен қызметтер өндірісінің өсуі әсер етті: құрылыс, сауда, көлік және байланыс, сондай-ақ өнеркәсіп.