Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – Қазақстандық кәсіпорындар гигиеналық нормаларды бұзуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті.
Қаңтар айында өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде Қазақстанға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сынамаларында гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталды.
1.Жалпы микробтық тұқымдану көрсеткіші бойынша сәйкессіздік:
- "СПК Курников" ЖШҚ (РФ) – Атырау облысының сауда объектілерінде № 9 қоймада (Атырау), "Дамир" дүкенінде (Атырау) және "Аружан" дүкенінде (Құлсары);
- "Ставропольский бройлер" ЖАҚ(РФ) – "Дамир" дүкенінен сатып алынған "Благояр" балапан-бройлер сынамасы (Атырау облысы, Атырау);
- "Ак – Сут" ААҚ-ЖК "Арва С. А." азық-түлік дүкенінен сатып алынған "Голландский" балқытылған ірімшік сынамасында (Жамбыл облысы, Қордай ауданы);
- "Инжавинская птицефабрика" ЖАҚ - "Бекарыс" дүкенінен сатып алынған "Благояр" балапандар-бройлер қанатының сынамасында (Атырау облысы, Миялы ауылы, Құнанбаев көшесі, 51);
- "Приосколье" ЖАҚ - "Салем" дүкенінен (Атырау облысы) сатып алынған балапандар-бройлер сынамасы
2. "КДВ Яшкино" ЖШҚ (РФ) – "Полина" дүкенінен сатып алынған құлпынай джемі бар мини-круассандар сынамасында жалпы микробтық тұқымдану және зеңдік көрсеткіші бойынша сәйкессіздік анықталды (Ақмола облысы);
3. ЖК "Алимбеков Б."(ҚР) – "Продукты плюс" дүкенінен сатып алынған сиыр етінен жасалған фарша сынамасынан ішек таяқшасы тобының бактериялары анықталды (Алматы облысы);
4. "Пикант" ЖШҚ (РФ) – № 9 қоймада (Атырау облысы) Сатып алынған, копчено-вареного "Гурман" рулетінің сынамасында S. Aureus анықталды;
5. "ПИК" ЖШС (РФ) – "Диар" дүкенінен сатып алынған "Старорусская" дәнді уылдырығының аналогы сынамасында ашытқы табылды(Атырау облысы);
6."Богородский мясоперерабатывающий комбинат" ЖШС (РФ) – "Аэлита" дүкенінен сатып алынған «Вкусно сытно» сиыр тұшпарасы сынамасында табылған ішек таяқшасы тобының бактериялары жалпы микробтық тұқымдану көрсеткішінен асып түсті (Атырау облысы).
Комитет сауда объектілерінен қауіпті өнімді алу жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады.