
Алматы. 17 маусым. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-сәуірдегі Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 6 125,8 млн долларды құрады, 2018 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 0,1%-ға көп.
Оның ішінде экспорт – 1 865,3 млн доллар (3,8%-ға азайды), импорт – 4 260,5 млн доллар (1,9%-ға өсті).
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,6%, Қырғызстан Республикасына – 4,1%, Беларусь Республикасына – 3,2%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.