Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 8,4%-ға артты

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 8,4%-ға артты

Алматы. 17 қазан. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-тамыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 254,7 млн. АҚШ долларын құрады, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

2017 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда өзара сауда 8,4%-ға артты, соның ішінде экспорт – 3 909,2 млн. АҚШ доллары (13,8%-ға өсті), импорт – 8 345,5 млн. АҚШ доллары (6,0%-ға өсті).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,9%, Қырғызстан Республикасына – 4,5%, Беларусь Республикасына - 3,5%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.

Похожие материалы