Қазақстан. 11 мамыр. 7kun.kz – Метеорологтар мамыр айында Қызылорда және Маңғыстау облыстарында қатты құрғақшылық болады деп болжап отыр, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазгидромет» РМК 2022 жылдың мамырына арналған құрғақшылық болжамымен бөлісті.
Орташа құрғақшылық күтілуде:
- Ақмола облысы Степногорск қаласының маңында;
- Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев ауданында;
- Қызылорда облысы, Арал ауданында;
- Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында.
Қатты құрғақшылық :
- - Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында;
- Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында.
Қалыпты ылғалдылықпен қолайлы жағдай күтіледі:
- негізінен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының Созақ ауданында.
-Солтүстік Қазақстан облысының Ғ. Мүсірепов, Тимирязев және Тайынша аудандарда;
- Ақтөбе облысының Ырғыз және Ойыл аудандарында;
- Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында;
- Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха және Үржар аудандарында.