Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның ерікті қоныс аударушылары 1 млрд теңгеден астам қаржы алады

Қазақстанның ерікті қоныс аударушылары 1 млрд теңгеден астам қаржы алады

Алматы. 28 қаңтар. 7kun.kz – 2019 жылы қазақстандықтардың оңтүстік өңірлерден солтүстікке ерікті түрде қоныс аударуына 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлекметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Ағымдағы жылы қазақстандықтарды көшіруге 7771 адамға квота белгілегенін айтты.

«Көшуге кеткен шығындарды өтеуге, тұрғын үйді жалға алуға және коммуналдық қызметтерді төлеуге 1,076 млрд теңге бөлінді», - деп түсіндірді ведомстводан.

Бұдан басқа, 2103 оралман Қазақстанға көшуге рұқсат береді. Оған бюджеттен 597 млн теңге жұмсалмақ.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ел ішінде 4870 адам көшіп келді. Оңтүстік өңірлердің басым бөлігі Павлодар облысына (1,6 мың адам) қоныс аударған. Бұдан кейін Солтүстік Қазақстан (1,3 мың адам), Шығыс Қазақстан (947 адам) және Қостанай (927 адам) облыстары болды. Олардың көшуіне 1,4 млрд теңге бөлінді. 2017 жылы 1577 адам қоныс ауыстырды (СҚО – 802 адам, ШҚО – 357 адам, Павлодар – 292 адам, Қостанай – 126 адам).

Похожие материалы