Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz –Халықаралық электробайланыс одағы (ITU) жаһандық киберқауіпсіздік есебін жариялады. Қазақстан индексте былтырғы рейтингпен салыстырғанда (82-орын) 42-тармаққа көтеріліп, 40-орынға ие болды.
Рейтингтің бірінші және екінші сатысына Ұлыбритания (1) және АҚШ (2), ал ең соңғы орынға - Мальдив аралдары (175) орналасты.
Қазақстан 40 орын, ал ТМД елдері арасындағы көрсеткіш бойынша 2-ші орында. Біздің алдымызда Ресей (әлемдік рейтингте 26 орын), үшінші орында Өзбекстан (52). Одан ары Әзірбайжан (55), Беларусь (69), Армания (79), Тәжікстан (107), Қырғызстан (111), Түркіменстан (143) тұр.
"Қазақстан заңды негізде жақсы көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Қазақстан ақпараттық-коммуникациялық технология мен ақпараттық қауіпсіздік саласында талаптарын күшейтті", деп атап көрсеткен есепті құрастырушылар.
Халықаралық электробайланыс одағы (ITU) киберқауіпсіздік индексін анықтау бойынша зерттеуді жыл сайын өткізеді. Зерттеу мемлекеттердің киберқауіпсіздік деңгейін бес негізгі өлшемшарттар бойынша бағалайды: заңнамалық база, техникалық және ұйымдастыру іс-шаралары, халықаралық аренадағы қызмет және саланы дамыту әлеуетін құру.
Айта кетейік, соңғы екі жылда Қазақстанда елдің киберқауіпсіздік саласын дамыту бойынша айтулы қадамдар жасады. Базалық тұжырымдамалық тәсілдер әзірленді, бірқатар заңнамалық актілер, «Қазақстанның Киберқалқаны» киберқауіпсіздік тұжырымдамасы, көптеген салалық бұйрықтар әзірленді және бекітілді. Бұдан басқа, зиянды кодты зерттеу бойынша сынақ зертханалары құрылды, ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы іске қосылды, аталған мамандық бойынша гранттар саны артты.