Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның квазимемлекеттік қарызы 35,9 млрд долларға дейін төмендеді

Қазақстанның квазимемлекеттік қарызы 35,9 млрд долларға дейін төмендеді

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – Сыртқы квазимемлекеттік борыш 35,9 млрд долларды құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 4 млрд теңгеге аз, - деп мәлімдеді Қаржы министрі Әлихан Смайылов.

«Үкіметтің басты міндеті – мемлекеттік қарыз көлемін қауіпсіз деңгейде сақтау. Бұл үшін біз бюджетке күтілетін кірістерді және әлеуметтік төлемдердің өсуін ескере отырып, он жылдық кезеңге ықтимал борыштық жүктемені есептейміз. Мемлекеттік қарыз есепті жылдың соңында ең төменгі деңгейде қалып, оның көлемі ЖІӨ–нің 25,8%-ын құрады», - деді Смайылов.

Оның айтуынша, 2018 жылы экономиканың жекелеген салаларында оң өсу қарқыны сақталған. Бұған экономиканы әртараптандыру, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, сондай-ақ ішкі тұтыну белсенділігін біртіндеп қалпына келтіру ықпал етті.

Сондай-ақ, негізгі капиталға инвестициялардың өсуі экономикаға оң әсер етті. Олардың көлемі 17,2%-ға өсті.

Инвестициялардың айтарлықтай өсуі өнеркәсіп – 27,1%, құрылыс – 20,6%, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 20,1%, ауыл шаруашылығы – 14,2% сияқты салаларда байқалады. Нәтижесінде ЖІӨ өсу қарқыны 4,1%-ды құрады.

«Мұндай макроэкономикалық жағдайдағы республикалық бюджеттің орындалуы мынадай көрсеткіштермен сипатталады: кірістер 2,3%-дан асты, бюджетке 5,8 трлн теңге түсті. 2017 жылмен салыстырғанда салық 17,5%-ға артты немесе бюджетке қосымша 846 млрд теңге түсті. Шығыстардың орындалуы 99,8% немесе 9 трлн 637 млрд теңгені құрады. Республикалық бюджеттегі әлеуметтік шығындардың үлесі 44%-ды (2017 жылы – 34%) құрады. Бюджет тапшылығы 729 млрд теңге деңгейінде болды. Бұл жоспарға қарағанда 17,5% төмен немесе ЖІӨ-нің 1,2%-ын құрады», - деп түсіндірді Қаржы министрлігінің басшысы.

Похожие материалы