Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның ЛХР мен ДХР-де референдум өткізуге қатысты ұстанымы айтылды

Қазақстанның ЛХР мен ДХР-де референдум өткізуге қатысты ұстанымы айтылды

Астана. 26 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР Сыртқы істер министрлігі ЛХР, ДХР, Запорожье мен Херсон облыстарындағы референдумдарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

«ЛХР мен ДХР деп өзін-өзі жариялаған мемлекеттердің және Запорожье мен Херсон облыстарының әскери әкімшіліктерінің Ресейге қосылу туралы референдумдар өткізуіне келетін болсақ, Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын негізге алады. Президентіміз бірнеше рет, оның ішінде БҰҰ мінберінен жақында ғана сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның Жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығы туралы мәлімдеді. Жарғыда БҰҰ-ға мүше елдердің бейбітшілік пен мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау жауапкершілігі туралы айтылады», – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айутынша, Қазақстан саяси диалог орнату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

«Бұл ретте еліміз тұрақтылықты өңірлік әрі жаһандық деңгейде сақтауды аса маңызды міндет санайды», – деді ол.

Айта кетейік, 23 қыркүйекте ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарында Ресейге қосылуға байланысты референдум басталды. Ол 5 күнге созылады.

Похожие материалы