Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның қандай аймақтары күзет пен детективтерге мұқтаж

Қазақстанның қандай аймақтары күзет пен детективтерге мұқтаж

Алматы. 26 шілде. 7kun.kz — Тергеу жүргізу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметтер көлемі ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 57,2 млрд теңгені құрады — өткен жылмен салыстырғанда 18,7%-ға артық. Бұл барлық уақыттағы рекордтық өсім, деп хабарлайды Finprom.kz.

Көрсетілген қызметтердің нақты көлем индексі өткен жылға 115,4%-ды құрады.

Тергеу жүргізу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көрсетілген қызметтер көлемінің жартысынан астамы мегаполистерге тиесілі: Алматы, Нұр-Сұлтан, сондай-ақ Атырау облысы.

Алматының үлесі ҚР-да 26,7%-ды немесе 15,3 млрд теңгені құрайды - өткен жылға қарағанда 19,4%-ға артық. Нұр-Сұлтанға ҚР бойынша барлық көлемнің 16,4%-ы немесе 9,4 млрд теңге тиесілі, бір жыл ішінде өсім — 12%. Атырау облысы 9%-ға немесе 5,1 млрд теңгеге ие, бұл ретте бір жыл ішіндегі өсім 57,2%-ды құрады. Өсім бойынша Атырау облысы тек Маңғыстау облысына ғана жол береді, онда өсім 71,9%-ды, 2,2 млрд теңгені құрады.

Тергеу жүргізу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметтер көлемі қысқарған жалғыз өңір — Қызылорда облысы: минус 11,1%, 995,1 млн теңгеге дейін.

Қауіпсіздік пен тергеуді қамтамасыз ету бойынша қызметтер көлемінің жартысынан астамы шағын кәсіпорындарға тиесілі: 29,2 млрд теңге (51%). Екінші орында ірі кәсіпорындар: 18,1 млрд теңге (31,6%); орта кәсіпорындарға 9,6 млрд теңге (барлық қызмет көлемінің 16,8%) тиесілі. Жеке кәсіпкерлер көрсеткен қызметтердің көлемі 388,8 млн теңгені құрады (0,7%).

Похожие материалы