Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның құрылыс саласына дағдарыс қаупі төніп тұр

Қазақстанның құрылыс саласына дағдарыс қаупі төніп тұр

Тек бір айда сектордағы белсенді кәсіпорындар саны 1,5 мыңнан астамға қысқарды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қазақстанның құрылыс секторы күрделі қиындықтарға тап болды. Бүгінгі таңда құрылыс процестерінің ауқымды түрде тоқтатылуы байқалады.

Саладағы проблемалардың негізгі себептеріне – құрылыс материалдарының қымбаттауы, ауа райының апаттары, ірі қала тұрғындарының наразылықтары, ұлттық валютаның кезекті құнсыздануы, елге әсерін тигізген жаһандық жеткізу тізбегінің бұзылуы жатады. Сондай-ақ заңнамалық жаңашылдықтар мен шектеулер – мәселен, Алматының жекелеген аудандарындағы көпқабатты үйлердің санын шектеу және т.б.

Нәтижесінде елімізде мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан 286 нысанның құрылысы тоқтатылды. 84 жағдайда жобалар құнының қымбаттауына байланысты құрылыс тоқтағаны анықталды.

Құрылыс секторындағы қиындықтар ел экономикасына кері әсерін айтарлықтай тигізеді. Естеріңізге сала кетейік: 2021 жылдың соңында сектордың елдің ЖІӨ-дегі үлесі 5,8%-ға жетті, бұл шикізаттық емес сала үшін ең маңызды көрсеткіштердің бірі.

Оның салдары қазірдің өзінде байқалуда. Ағымдағы жылдың наурызында Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі айтарлықтай төмендеп, 48,3 тармақты құрап, теріс аймаққа түсті. Индекске кіретін экономика салалары бөлінісінде ең көп нашарлау құрылыста байқалады: индекс 47,1 деңгейінде қалыптасты, ал өнеркәсіпте – 48,2, қызмет көрсету саласында – 48,4.

Сонымен қатар, бизнесте де ағымдағы және болашақ бизнес-жағдайларды орташа бағалаудың нашарлауы көрінуде. Көрсеткіштің ең көп төмендеуі құрылыс секторында (-14,4), қызмет көрсету саласында (-8,1) және өнеркәсіпте (-4,4) байқалады.

Бұл жағдайда кәсіпорындар ғана емес, жұмысшылар да зардап шегеді. Жұмыссыздықдың онсыз да жоғары деңгейінде аталған жағдай құрылыс саласының өзін де, оған қатысты барлық сала қызметкерлерін де жұмыссыз қалдырып отыр.

Бұл ретте құрылыс секторы жұмыс орындарының негізгі генераторларының бірі: 2021 жылдың қорытындысы бойынша бұл салада 641,4 мың адам жұмыс істеді. Жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі тек сауда, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларында байқалды. Сонымен қатар, құрылыс индустриясымен байланысты көптеген қосымша секторлар бар – құрылыс материалдарын өндірушілерден геология, сәулет және өзге салалардағы қызметке дейін.

Сәуірдің басында Қазақстан құрылысшылар одағы "Еңбек" еңбекшілер саяси партиясын құру туралы хабарлады. Жаңа саяси бірлестік ҚР құрылыс саласын дамыту және қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысуды жоспарлап отыр. Қауымдастықтың маңызды міндеттерінің бірі – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан жаңашылдықтарды қолдау.

«Заңнаманың жетілмегендігі, тиісті құрылыс министрлігінің жоқтығы, кәсіпқойлықтың жоқтығы мен сыбайлас жемқорлық экономиканың дамуына кедергі келтіреді деп есептейміз», – делінген партия хабарламасында.

Похожие материалы