Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі не себепті жабылатыны белгілі болды
Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ресейдегі сауда өкілдігін жабу туралы шешімді түсіндірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық комиссиядағы Қазақстанның өкілдігі жеткілікті,
«Біздің Ресеймен тығыз қарым-қатынасымыз туралы сөз болғанда, Еуразиялық экономикалық комиссия бар екенін білдірді. Онда Қазақстанның өкілдігі жеткілікті, барлық бағыт бойынша, соның ішінде кәсіпкерлік қызмет бойынша өте құзыретті адамдар бар, олар Мәскеуде болғандықтан бұл мәселелерді жаба алады», - деді Жамаубаев.
Министр бұл мәселе тек мемлекеттік қызмет көрсету құрылымдарын оңтайландыруға қатысты. Сонымен қатар бұл мәселемен айналысатын бөлімшелер дәл сондай маңызды басқа мәселелерді шешуге бөлінуі мүмкін.