Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның сыртқы борышы 2,2 млрд АҚШ долларына қысқарды

Қазақстанның сыртқы борышы 2,2 млрд АҚШ долларына қысқарды

Алматы. 2 қазан. 7kun.kz – 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 164,4 млрд АҚШ долларын немесе ІЖӨ-ге қатынасы 96,3% (жыл басынан бастап 6,3%-ға жақсарып) құрады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Сыртқы борыш құрылымында 63,0%-ын бұрынғысынша фирмааралық берешек, 26,1% байланысты емес кредиторлар алдындағы «Басқа секторлардың» сыртқы борышы, 7,2% мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,7% - «Банктер» секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) алып отыр.

2018 жылғы 2-ші тоқсанда елдің сыртқы борышы 2,2 млрд АҚШ долларына қысқарды.

Азаю төлем балансының операциялары есебінен (Қытайдың үлестес ұйымдарынан және қаржылық ұйымдар синдикаттарынан тартылған сыртқы қарыздарды өтеу, шетел инвесторларының Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарына сұранысының азаюы), сонымен қатар операциялық емес өзгерістер (қазақстандық эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі, теріс бағам айырмасы) есебінен орын алды.

Талдамалық мақсатта сыртқы борыш құрылымында 2018 жылғы 1 шілдеде 26,5 млрд. АҚШ долларды құрған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы (мемлекеттік сектор капиталына 50%-дан астам тікелей немесе жанама қатысатын банктер мен ұйымдар) жеке көрінеді. 2018 жылғы 2-тоқсанда 0,6 млрд. АҚШ долларына азаю «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың «КМГ Кашаган Б.В.» қомпаниясында 50% қатысу үлесін сатып алу үшін 2015 жылы тартылған қарызын мерзімінен бұрын өтеуі, сондай-ақ квазимемлекеттік эмитенттердің еурооблигацияларының нарықтық құнының төмендеуі есебінен болды.

Қазақстан Республикасының таза сыртқы борышы 2018 жылғы 2-тоқсанда 0,5 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 46,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте мемлекеттік сектор және «Банктер» қалған әлемге қатысты таза кредиторлар болды, ал «Басқа секторлар» таза қарыз алушылар болып табылады.

Похожие материалы