Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның сыртқы қарызы өсуде: Ел ең көп кімге қарыз

Қазақстанның сыртқы қарызы өсуде: Ел ең көп кімге қарыз

Алматы. 27 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанның сыртқы қарызы үш жылда 6 миллиард доллардан астам өсті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның қарызы 165 миллиард доллардан асты. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2 миллиард долларға немесе 4%-ға артық.

Ең көп қарыз мөлшері Нидерландыға тиесілі – $42,7 млрд.Үш жыл ішінде ол 12,6%-ға азайған. Одан кейінгі орындарда Ұлыбритания – $21,9 млрд (+0,2%), АҚШ – $12,9 млрд (+5,7%), халықаралық ұйымдар – $12,6 млрд (+26%) және Ресей – $11,7 млрд (+33%).

Сонымен қатар, Қазақстанның Францияға қарызы $11,5 млрд (-1,7%), Бермуд аралдарына – $9,6 млрд (+128,5%), Қытайға – $9 млрд(-22,4%), Жапонияға – $5,2 млрд (-10,3%) және Гонконгқа – $3,9 млрд (-15,2%) асты.

Ел ең аз қарыз мемлекеттер қатарында – Бангладеш, Гондурас, Конго, Намибия, Сирия, Танзания, Черногория және Ямайка. Олардың әрқайсысына $100 мыңнан қарызы бар.   

Похожие материалы