Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның төрт әскери гарнизонында 825 миллион теңгенің ұрлығы анықталды

Қазақстанның төрт әскери гарнизонында 825 миллион теңгенің ұрлығы анықталды

Нұр-Сұлтан. 4 шілде. 7kun.kz – Қазақстанның төрт әскери гарнизонында шамамен 825 млн теңге көлемінде ұрлық анықталды. Бұл туралы Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Әскери прокуратура органдарымен Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр. Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн. теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.

Тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады.

Похожие материалы