Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — Үш жылдық бюджет жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюына жіберілді.
Мәжіліс депутаттары Сенаттың 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға енгізген өзгерістерімен және толықтыруларымен келісті.
Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, сенаторлар енгізген түзетулер республикалық бюджеттің негізгі параметрлерін үш жылға өзгертпейді.
Атап айтқанда, бюджет шығындарын 40,8 млрд теңгеге ұлғайту бойынша ұсыныстар қолдау тапты.
"Қаражатты қайта бөлу есебінен шығындар 2020 жылы 15 млрд теңгеге, 2021 жылы 17,6 млрд теңгеге, 2022 жылы 8,1 млрд теңгеге ұлғайды. Оның ішінде әлеуметтік блок бойынша: 2020 жылға – 1,9 млрд теңге, 2021-2022 жылдарға – 100,2 млн теңгеден. Нақты сектор бойынша 2020 жылға – 11,9 млрд теңге, 2021 жылға – 16,4 млрд теңге, 2022 жылға – 6,5 млрд теңге. Қуатты блок бойынша: 2020 жылға – 1 млрд теңге, 2021 жылға – 1,1 млрд теңге, 2022 жылға – 1,6 млрд теңге. Басқа бағыттар бойынша: 2020 жылға - 298,6 млн теңге. Үкімет резерві 2020 жылы 15 млрд теңгеге азайтылып, жоғарыда аталған шығындарды арттыру көзі болды", – деп түсіндірді мәжілісмен Омархан Өксікбаев.
Бюджет шығындарын ұлғайту ұсыныстары 2020-2022 жылдары Түркістан және Жамбыл облыстарын, Шымкент қаласын газдандыру сияқты бағыттарды жалпы сомасы 17,1 млрд теңгеге, оның ішінде 2020 жылға - 4,9 млрд теңгеге; Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жезқазған қаласында жалпы сомасы 5,2 млрд теңгеге су құбырларының құрылысын, оның ішінде 2020 жылға - 2,2 млрд теңгеге қаржыландыруды көздейді.
Құжат Президентке қол қоюға жіберілді.