Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі бюджет қаржысына қол сұқты деп айыпталды

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі бюджет қаржысына қол сұқты деп айыпталды
Алматы. 16 қазан. 7kun.kz - Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова хабарлады. «Ол жауапты мемлекеттік лауазымды атқара отырып, Өзбекстандағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойды деген күдікке ілінді. Оның заңсыз әрекеттерінен келген шығын 140 млн теңгеден асты», - деді Бастарова. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа "Аграрлық несие корпорациясы" Басқарма төрағасының орынбасары да қатысты деген күдік бар.

Похожие материалы