Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері 87,5 млрд доллар

Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері 87,5 млрд доллар

Ақпанда жалпы халықаралық резервтері 161 млн долларға өсіп, 87,5 млрд долларға жетті. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында ҚР ҰБ Төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның ішінде алтынвалюта резервтері – алтын бағасының өсуіне байланысты 132 млн долларға өсіп, 33,5 млрд долларға жетті.
Ұлттық қордың активтері ақпанда 53,9 млрд доллар болды. Ақпан айында бюджетке трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін 510 млн доллар сатылды.

Осы жылдың басынан есептегенде Ұлттық қорға жалпы түсім 925 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 4,5 есе жоғары.

Похожие материалы